Алғашқы кездесу 5-бөлім · страница 5 из 6
Страница 5 из 6

5-бөлім

19 февраля 2017, 22:46


   Топ мемберлері, менеджері жəне С/А көлікке мінді. С/А-ға таныс қала болса да, өзін бейтаныс қалада жүргендей сезінді. Терезеден далаға қарап, сүйсініп қояды. Ішінен, "мені қандай тосын сый күтіп тұр екен?" деген ой маза бермеді. СеХун да ұрлана С/А-ға қарап қояды. Чани мен Бэки ғана тынышталар емес, бəрін күлдіріп келе жатыр, қылықтары сондай сүйкімді. Чани:
-СеХун, менімен орын ауысшы?-деді. СеХун түсінбей қалды да, сəлден соң:
-Ааа... ия, неге?-деп сұрады.
-Жəй, С/А-ң сенің жаныңда іші пысқан шығар дегенім ғой,-деді, тиісе. СеХун күле қарады да:
-Хён, мұның не?!-деді, қызарақтай.
-С/А!-деп дауыстай Чани,-екеуің отырғанда да, СеХун осылай үнсіз отырады ма?!-деп сұрады.
С/А күліп жіберді:
-жооға...
Чани:
-СеХун дейсің бе? Əлде оппа дейсің бе?
Сюмин:
-Чани, мүмкін доғарарсың?!
-Оо...хён, кешір, болды үндемеймін,-деп Чани қолына телефонын алды. Аз уақыттан соң,-сеніп қалдыңдар ма?!-деп айқайлап күліп жіберді.
Шуласып, керек жерге де жетті. Бəрі көліктен түсті. С/А-ң байқағаны, жаңадан соғылып жатқан ғимаратар, көптеген жұмысшылар. СеХунға қарап:  -мұнда неге келдік? СеХун:
-ертерек айтпағаным үшін, кешірші, бірақ, егер келісім берсең, бүгіннен бастап, Менеджер Чанның орнына бізге менеджер боласың,-деді.
-Менеджер? Чан мырзаның орнына?
-Ия, солай!
-Ал, Чан мырза ше?
-Сеулге қайтады, отбасы өте қиын жағдайға ұшырапты. Қазір, саған түсіндіріп болып, сосын жолға шығады. Оңай жұмыс емес екенін білемін, бірақ, өтінемін, келісші... тым құрығанда мен үшін!-деп, қиыла қарады.
-Ияя, əрине. Ертерек айтқаныңда ғой, осыны,-деп еркеледі.
Солай С/А топ менеджерінің қызметін атқарушы болып, жұмысқа орналасты. Мұны көрген жоба ұсынушы компанияның директоры, аса қуана қоймады. Тырнақ астынан кір іздеп, С/А-н мін тапқысы келіп жүр...
Бүгінгі күн өте ауыр болды. Жаңа жұмыс, жаңа міндет, ескі таныстар. Жобаны қарап, макетті орналастырып, жоспарын жасады, оның үстіне, күн өте ыстық еді. Кешке дейін, қалжырап, шаршап та қалды. Топ мемберлері, шұғыл жұмысьары шығып, үйлеріне қайтты. С/А тапсырыс берушілердің арасынан, құрылыс басында, бір өзі қалды. Зал орналасатын жерге келіп, көріп, өлшемін алып жатты. С/А да сонда болатын, аяғына киген биік өкше аяқ киімі, жүруге біраз қиындық тудырды. С/А-ң орнына жоба ұсынған, Кан Хэ Ри, бұрыннан С/А-ға жақсы қарамайтын, бүгін, тіптен жаңа жұмысқа орналасқанына, жəне менеджер болғанына аса қуана қоймады. Кешқұрым, жұмыс уақыты біткен соң, бəрі, үйлеріне тарасып жатты, С/А -да қайтуға дайындалып, көлігі болмаған соң, аатобус аялдамасына бару үшін, жолға шыққаны сол еді, бір көлік қатты жылдамдықпен келе жатқанын да байқамады, жүргізуші рульін басқа бағытқа бұрып С/А-ң жанынан сырып өтті, С/А құлап қалды, аяғын ауыртяп алды. Көлік жүргізушісі, мектеп оқушысы екен.
-Кешіріңіз,-деп көліктен ытқып шықты,-бəрі дұрыс па?! кешіріңізші, өтінемін, мен байқамадым,-деп ақтала бастады, орнынан тұрғызып көмектесіп жатып.
-Сен, мектеп оқушысысың ғой? Саған қалай көлік берген?-ашулана.
-Кешіріңізші, əкемнің рұқсатынсыз алған едім,-деп төмен қарады,-мен сізді алдымен, ауруханаға апарайын, содан соң, полиция учаскесіне барамыз😧,-мен жазамды өтеуге дайынмын,-деді оқушы.
-Жарайды, менде бəрі дұрыс, жолыңнан қалма! Бірақ, келесі жолы бұлай рұқсатсыз, одан соң қатты жылдамдықта айдама,-жымия,-жарай ма?!-арқасынап қағып қойды.
-Оныңыз не? аяғыңызды дəрігерге көрсету керек қой?!
-Мен жай құлап қалдым! Жүре бер!-деді, мінезіне риза болып.
-Тым құрығанда үйіңізге жеткізіп салайын?! шаршап тұрған секілдісіз, отырыңыз,-деп көлікке сүйрей жөнелді.
-Жарайды, рахмет,-деп көлікке отырды. Шаршағаны сондай оқушыға көлік айдама деп ұрсып тұрып, өзі отыруға мəжбүр болды...
Уйіне жеткен соң, алғысын айтып түсіп қалды, үйіне кіріп, салқын душқа түсіп, тамағын ішті. Енді ұйықтайын деп жатқанда, телефоны шырылдады. СеХун  екен. Сыртқа шығуын өтінді. Өзі шаршап тұрса да, СеХунның даусын ести сала бəрін ұмытқандай болды. Далаға шығып,  СеХунның жанына келгені сол-ақ екен, СеХун құшақтап алды:
-Кешірші,-деді, мойнынан бір иіскеп.
-О не дегенің?
-Сені сағынып қалдым, сені көру үшін келдім,-деді.
-Ертең де көретін едің ғой?!
-Кешір!
-Оппа, бəрі дұрыс па?! Көңіл күйің жоқ қой?!
-Мен қазір, Сеулға кетіп барам!
-Не? аааа...-басын изеді,-қашан келесің?
-Би залының құрылысы аяқталған соң.
-Не?
-Ол бітпей кеомейсің бе?!
-Жооқ, бос уақытым болмайтын секілді 😯😐😥😩
-Ммм...-басын төмен салып,-ештеңе етпейді! Сен мұны білген жоқсың ғой,-деп түсінгенін білдіргісі келді. СеХун:
-Негізі мен білгенмін, тек сенің алаңдағаныңды қаламадым
-Не? Білдің бе?-оның бəрін, соңына келгенде айтатыны ызасын келтірді, сəл кері шегінді де,-неге тек соңына келгенде айтасың? Əлде саған менің пікірім маңызды емес пе?!
-Кешірші! - құшақтағысы келді. С/А ашуы келіп тұрғаны сондай, қолын қағып жіберді. Көзінен жас шығып, жылағанын жасыра алмады. Бақыттан басы айналып жүрген еді, бəрі су сепкендей басылды:
-Жолың болсын! Келгенде айтарсың!-деп, суық қана жауап қатты да, теріс қарап үйіне бағытталып бара жатты. СеХун:
-С/А!-артынан жүрді.
С/А кенеттен кілт тоқтады. Шыдай алмай кері жүгіріп келіп, құшақтап алды. Басын СеХунның кеудесіне қойып, ісін есіне сақтап қалғысы келгендей, терең демалды. Тезірек келуін тілеп, жолына шығарып салды.