Страница 1 из 1
13 жасар қыз
21 марта 2026, 14:41
Сыртым тірі, ішімде — қабірстан,
*Жалған күлкі, жанымда — ауыр дастан.
Жаман сөзді жинаппын жүрегіме,
Өзімді-өзім өлтіріп, тым адасқам.
Күлкім менің емес-ау, біреудікі,
*Бұл дүние — жалған ба, әлде кімдікі?
Ішімдегі өлген жан тірілер ме,
Әлде осы ма — тағдырдың барлық мүлкі?..