1 бөлім
Мэрудің жасы жақында 8 -ге толды.Ол өте ақжарқын әрнәрсеге қызығатын елгезек бала еді.Бір нәрсе көре қала болғаны оның не екенін сұрап бірден білуге даяр тұрады.Бірде ол көптен көргісі келіп жүрген профессор ағасы Мэйлидің үйіне барады.Мэйли - Мэрудің туыс ағасы әрі қолдаушысы еді.Оған қашанда бар білгенімен бөлісетін. Ал оның білгені көп болды.Мэйли профессор атағын осыдан 5 жыл бұрын алған.Осыған жету үшін көп еңбек етіп түрлі техникалар ойлап шығарды.Ол техникасының бірі *жол көрсеткіш * еді.Жол көрсеткіш- адамдарға мамандықтың түрін айтып әр түрлі есікке кіргізіп таныстырушы.Мэйли оны әлі ешкімге қолдануға берген жоқ.Бірақ өзінің бауыры Мэрудің зеректігін көріп, оның болашақта өз мамандығынан қателеспеуі үшін сол жол серікті қолдануға шақырды.
-Мэйли аға!..
Мэйли:
-Мэру мен саған қазір * жол серікті* беремін.Ол саған болашақта көмек береді.Мэйли жол серікті дайындап оны Мэруге береді.[Жол серік -робот] .
-Сәлем !Менің есімім - Жол серік.Мен өз жолыңды табуға көмектесемін.Ал сен кімсің?
-О Сәлеем !! Мен Мэрумін - Мэру бұл роботқа қатты қызықты.Себебі: Жол Серік - Мэрудің сүйікті ойыншығы қонжыққа ұқсайтын әрі аспанда қалқып жүретін еді.Ол тіпті бұл роботты арнайы өзіне жасады деген ойға да кетті
***
Мэру дәл қазір ағасының тәжірбие бөлмесінде болды.Ол бұл . бөлмеге бұрындары да келіп көрген. Келген сайын шетте тұрған ақ есікті көретін. Ағасы оны бұл есікке ешқашан кіргізген емес.Ал Мэру болса қызығушылықтан осы есікке қатты кіргісі келіп жүрген болатын.
***
-Мэру біз мына ақ есікке кіруіміз керек -деді робот шеткі есікті нұсқап.Содан соң робот Мэруге есікті ашып оны ішке итеріп жіберді. Ал Мэру роботтың сөзіне сенер сенбесін білмеген күйі ақ есікке еніп кетті. Ол өзін көптен бері қызықтырып жүрген есігіне кіретін уақыт жеткеніне қатты қуанды.
Олар ақ есікке кіргені сол еді кенет олардың көздері тұманданып кетті.Ал бөлменің іші болса ұзарып біресе қысқарып адамның басын айналдырардай дірілдеп кетті.
-Ой Жол Серік бұл қандай бөлме ? Мен ештеңе сезіп тұрған жоқпын.Айнала теңселіп жол серікті көруде қиынға соқты.
-Уайымдама!Қазір бәрі өз орнына келеді.Бөлменің қатты теңселгенінен Мэру көзін қатты жұмып алды.Ол ішінен бұл да бір Профессордің өнері болар деп ойлады.Бір кезде бөлме іші тыныштала қалғандай болды.Ол тарс жұмулы көзін ашып , жан жағына қараса бөлменің ізі де жоқ екен.Тек жол серік екеуі космоста жүр.КОСМОС???НЕМЕНЕ БҰЛ БІР ӘЗІЛ БОЛАР? ЖОЛ СЕРІККК?? Бұл әзіл емес
-Біз қазір жерден Марсқа дейін созылған көпірден жүріп өтеміз.Ал жол бойы бізге түрлі мамандықтар мен олардың иелері кездесетін болады.Ал мен саған солар туралы ақпарат беретін боламын.
-Мәссаған!!Біз сонда шынымен ғаламшарларды саяхаттаймызба?
-Әрине!
Олар өздерінің бірінші саяхатын бастайды.Жерден Марсқа созылған көпірмен жүріп отырып бір асханаға кезігеді. Робот өзінің қызметін бастап, ақпарат бере бастайды:
-Бұл асхана! Бұл жерде аспазшылар жұмыс істейді. Олар асхананың ішіне кіріп бақылап көреді.Шынында өте көп аспазшылар жұмыс жасап жүр екен.Олардың міндеті әр түрлі дәмді тамақтарды дайындап келген клиенттерге беру.Аспаздардың ішіндегі бастығын бас аспаз деп атайды.Олар тамақ әзірлеудің қыр-сырын жақсы біледі. Бұл мамандық иесіндегі адамдар тамақты қалай жасау керектігін өте жақсы меңгерген.Мэрудің көзі жайнап аспаздардың жұмысына ерекше ықыласпен қарады.Ол да өскенде солар сияқты аспаз болғысы келді.Екеуі олардың жұмысымен таныс болған соң бұл жерден шығып саяхатын әрі қарай жалғастырады. Жол бойы өте әдемі жұлдыздарға толы , әрі әдемі болды.Олар жүріп отырып бір мектепке кезікті.Мектеп іші толы балалар мен ұстаздар екен.
Мэру мен Жол Серік екеуі мектеп ішін аралап жүріп бір апайды көріп қалады.Олар жақындай келіп амандасып, осы мамандық жайлы айтуын сұрайды.
-Сәлеметсіздерме! Менің атым -Айна.Осы мектептің директорымын. Ал ұстаздық мамандығына келер болсақ осы жерде жұмыс жасап жүргеніме 20 жылдай болды.Алғашында ұстаз болғанмын.Ұстаз болу оңай іс емес.Тек қысқа тақырыпты түсіндіріп кету ұстаз ұғымын толық қамтымайды.Ұстаз болу балалармен жақын болу деген сөз.Оларды бір жағынан тәрбиелей отырып, екінші жағынан білімді де бере алу қасиетіне ие болу керек. Мэру мен Жол Серік Айна ұстазды мұқият тыңдап одан бір ой түйеді.Олар алғысын айтып келесі аялдамаға жол тартады.Осылай ғаламшарда ұзақ жүру арқылы Мэру өте көп мамандықтармен танысады.