жаңа кітап сөз басы · страница 1 из 1
Страница 1 из 1

сөз басы

24 октября 2016, 21:46

Менің кейде туған жерімнен арланатын кездерім болады. Өмірбаянымды тізбектеп, туған жерімді жазар бетте Өзбекстан Республикасы деп бастағанда жаным əлі күнге дейін қынжылады. Артынан Наваи облысы деген де қазаққа жат-ау,сірə. Ал,  Үшкұдық қаласы дегенде жанымда біраз тыныштық орнайды. Сіз өміріңізде туған жеріңізді айтудан ұялып па едіңіз?Мүмкін менің айтар уақиғам, өзім секілді күй кешкен бəз біреулерді толқытар, мүмкін, жан дүниесін шымырлатып жылатар, бірақта өз көзімен көрмегенге, білмегенге, сезінбегенге менің күйім - жат. Əлі күнге біздің, оралмандардың, басынан өткергені, тарихы, өмірі, болмысы, тынысы - қалың қазаққа түсініксіз...