Описание истории
Жансерік таң қылаң бере оянып жан-жағына қараса әжесі қасында жоқ екен. Төсектің аяқ жағында мысығы ұйықтап жатыр. Көрпесін ақырын ашып мысығын қойнына алды. Кәрі мысық ұйқысын әрең ашып, Жансеріктің қойнынан ытқып шығып кетті. "Жып-жылы көрпеден неге қашады?" - деп ернін шүртитті де, өзі де соңынан тұрды.